WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды

0
519

Жаңа функцияны бұғаттау бөлімінен көруге болады.


WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды

ERNUR.KZ. WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды. Енді қолданушыларды белгілі бір топқа оның рұқсатынсыз қосуға болмайды, деп жазады tengrinews.kz.

Жаңа функцияны бұғаттау бөлімінен көруге болады. Онда топқа қосуға қай қолданушының құқығы бар екенін белгілеуге болады. Қолданушы топқа біреуді қосқысы келген жағдайда екінші қолданушыға өтініш келеді. Басылымның мәліметінше, бұл функция бастапқыда Android смартфондарында, кейін ғана iOS қосымшаларында пайда болады.

Мұның алдында мессенджерде өшірілген хабарламаны оқудың әдісі айтылған еді. Мессенджердегі өшірілген хабарламаларды қалпына келтіру механизмі чаттағы резерв көшіру функциясы арқылы жүзеге асады, бұл функция қосымшаға әуелден енгізілген. Өшірілген хабарламаны оқу үшін қосымшаны өшіріп, қайтадан орнату қажет екен.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет