​WOS арнайы техника паркі жаңа автоцистерналармен толықты

0
192

Бұл көлік құралдары «Ойл Транспорт Корпорейшэн» компаниясынан WOS мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілетін болады.


​WOS арнайы техника паркі жаңа автоцистерналармен толықты

ҚМГ былтыр «West Oil Software» ЖШС жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсартып, мекеме техникасын жаңарту бойынша арнайы бағдарлама қабылдаған болатын. Оған сәйкес 3 жылдың ішінде барлығы 202 техника бірлігі жаңарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазМұнайГаз баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында компанияның арнайы техника паркі жаңа техникамен толықты. 2023 жылы келген жаңа 17 көлікке қосымша биыл наурыз-сәуір айларында сегіз жаңа автоцистерна (АЦВ-12) арнайы техникасы қосылды. Ай соңына дейін осындай тағы 6 автоцистерна (АЦВ-12) келеді деп күтілуде.

Бұл көлік құралдары «Ойл Транспорт Корпорейшэн» компаниясынан WOS мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілетін болады. Биыл барлығы 70 арнайы техниканы жаңарту жоспарда.