ЕАЭО аясындағы Бірыңғай қызметтер нарығы жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

0
1 253

Бұл Жұмыс тобын құрудағы мақсат ЕАЭО-ға мүше елдер мен Еуразиялық экономикалық комиссия үшін ЕАЭО аясындағы қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.


ЕАЭО аясындағы Бірыңғай қызметтер нарығы жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы Бірыңғай қызметтер нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бұл Жұмыс тобын құрудағы мақсат ЕАЭО-ға мүше елдер мен Еуразиялық экономикалық комиссия үшін ЕАЭО аясындағы қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Жұмыс тобының құрамына ЕАЭО-ға мүше елдердің қызмет көрсету саласын реттейтін мемлекеттік органдар басшылары, ЕАЭО-ға мүше елдердің Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылын жүзеге асыруға өкілетті органдар басшылары, Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды тұлғалары, «Атамекен» ҰКП басшылығы кіреді.

Жұмыс тобының отырысында ЕАЭО Бірыңғай қызметтер нарығының жұмыс істеуі бойынша қазіргі жағдай талқыланды, мүше мемлекеттердің реттеушілері арасындағы әкімшілік ынтымақтастық мәселесі қаралды, сондай-ақ жекелеген қызмет көрсету салаларындағы бірыңғай нарық қағидаларын жүзеге асыруға кедергі келтіретін бірқатар өзекті мәселелер зерделенді.

Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Колллегия мүшесі (Министр) Тимур Жақсылықов бірыңғай нарық форматында қызмет жасайтын 43 экономикалық саладағы қызметтер нарығын реттеу деректері мен мәліметтерін құрудың қажеттілігін атап көрсетті.

«Осыған байланысты құзырлы және статистикалық органдарға бірыңғай нарық форматында жұмыс жасайтын экономика салаларындағы қызмет жеткізуші бойынша сатистикалық деректер туралы ақпарат құру және Комиссияға жолдау ұсынылды», - деді ЕЭК Коллегия мүшесі.

Құзыретті органдардың әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында ведомствоаралық келісімдер жасау тетіктері туралы мәселе қаралды.

Бірыңғай нарық ережелерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін Одақ туралы Шарт бойынша тараптардың тұлғаларының Шартқа қол қойылған мерзімдегі қолданылатын талаптарымен және Одақ туралы Шартта бекітілген талаптармен салыстырғанда өзара қол жеткізу шартының нашарлауына тыйым салу туралы талаптарын қолданбау, сондай-ақ Шартқа қол қойылған мерзімде қолданылмаған жаңа немесе қосымша рұқсат беру талаптары мен рәсімдерін белгілеу секілді қағиидаларды орындауға кедергілер қарастырылды, бұған жол берілмеуі тиіс және ол қызмет көрсетудің еркіндігін қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.

Сонымен қатар, лизингтік қызметтердің жекелеген түрлері мен саланың тармақтары үшін рұқсат беру рәсімдері ретінде нарыққа кіру рұқсаты (кіруге) үшін қосымша талаптар мен шарттар белгіленеді, бұл ӨРҰ-ға кірмей және тізілімге қосылмай сәйкес қызметті орындауға мүмкіндік бермейді.

БҚН салаларындағы қызмет көрсетушілердің қызметкерлерді жалдаудағы сандық және кемсітушілік шектеулерге және валюталық және қаржылық нарықтардағы БҚН қағидаларын жүзеге асыруға кедергілерді жою жөніндегі жұмыстарды жандандыруға байланысты қорғаушылық-режимдік ережелерді қолданбау туралы мәселе қосымша қарастырылды.