​Елімізде «декретке» шығатын ер азаматтар көбейген

0
2 575

Мамандардың айтуынша, аталған статистика жыл сайын жаңарып келеді.


​Елімізде «декретке» шығатын ер азаматтар көбейген

Елімізде бала күтіміне байланысты демалысқа, яғни «декретке» шығуды жөн көретін азаматтардың саны артқан. Соңғы көрсеткіш бойынша әйелінің орнына бала бағамын деп шешкен ерлердің саны 50 мыңға жуықтапты. Мамандардың айтуынша, аталған статистика жыл сайын жаңарып келеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.

«Соңғы 5 жылда 1 миллион 86 мың адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір жылға дейін бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді алды. Оныңішінде 50 мыңға жуығы ер азаматтар. Яғни үлестік түрде 4,5 пайызын құрап отыр» - деді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрсұлу Кемел.

Еңбек кодекстінің 99 бабында тайға таңба басқандай анық жазылған. Бала күтіміне байланысты демалысты баланың анасы, әкесі немесе заңды түрде асырап алған адам ала алады. Егер анасының денсаулығы сыр берсе, я болмаса басқа жағдай тіркелсе түсінікті. Бірақ мамандар мұның астарында басқа дүние жатқанын айтады.

«Тұрғындарымыздың есептеуге бейімделе бастауы. Өйткені белгілі нәрсе әйелдердің жалақысы 20 пайызға ерлерден төмен орташа алғанда. Егер де декретке шығатын болса ер адамның жалақысы арқылы оған түсетін декреттік төлемнің де көлемі жоғары болатыны түсінікті» - деді экономист Жангелді Шымдық.