​Елімізде демалыс күндері 35 градусқа дейін ыстық болады

0
1 118

Сенбі, жексенбі күндері елімізде жылы, жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде


​Елімізде демалыс күндері 35 градусқа дейін ыстық болады

фото wallbox.ru

ERNUR.KZ.Сенбі, жексенбі күндері елімізде жылы, жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ауа райы болжамынша, 19-21 мамыр күндері республика бойынша күн ашық болады. Еліміздің батыс өңіріне ауа Кіші Азия ауданынан келіп, ауа температурасын 35 градусқа дейін көтереді. 19 және 20 мамырда солтүстік, орталық, шығыс Қазақстан облыстарында түн салқын болады, бірақ 20 мамыр күнде өңірлерде күн 30 градусқа дейін жылиды.