Елімізде темекі қымбаттады

0
1 539

1 шілдеден бастап 360 теңгеге көтерілмек.


Елімізде темекі қымбаттады

Қазақстанда темекі бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулығыңызға ғана емес, қалтаңызға да айтарлықтай зиянын тигізгелі тұрған темекінің бағасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 теңге болған еді, ал 1 шілдеден бастап 360 теңгеге көтерілмек. 2019 жылдың 1 қаңтарында 380 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Мамыр айында қазақстандықтар үшін темекінің орташа бағасы 9,8 пайызға көтерілген, яғни 373 теңге болды. Елдегі қалалар мен мегаполистердің ішінде ең қымбат темекі Жезқазғанда (сәуір айының қорытындысы бойынша 393 теңге) сатылған. Ақтауда 390 теңгеге және Көкшетауда 385 теңгеге қымбаттады. Ал Тараз (380 теңге) бен Атырау (383 теңге) қалаларында да темекінің бағасы арзан емес.