Ең төменгі жалақы алатындар тізімі жария болды

0
1 416

Алматы қалалық статистика департаменті төрағасы Бағлан Карғұлов оңтүстік астанадағы жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуы жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Ең төменгі жалақы алатындар тізімі жария болды

Алматы қалалық статистика департаменті төрағасы Бағлан Карғұлов оңтүстік астанадағы жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуы жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша жұмыссыздық көрсеткіші 5,3%-ы құрап отыр.2017 жылдың 4 тоқсанында халықтың белсенділігі экономикалық санақта 938,4 мың адамға жетіп, бұрынғы жылдағы санақпен салыстырғанда 22,8 мыңға көп.

«Қала тұрғындарының жұмысқа белсенділігі 68,2%. Осы ретте қала бойынша 888,9 мың жан жұмыспен қамтылып, санақ бойынша 22,2 мың адамға қамтылды, дейді Қарғұлов».

Алматыда жұмыспен қамтылғандар арасында жалдамалы жұмыспен айналысатындар 820,3 мыңға жетіп, 68,6 мың жан тұрақты жұмысқа қол жеткізді.

Ал, жұмыссыздық мәселесі қалада 5,3%-ды көрсетуде. Бұл 50 мыңға жуық адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр деген сөз.

Сондай-ақ, Бағлан Қарғұлов айлық жалақы мөлшерін де сөз етті. Өткен жылы бір жұмысшысының ай сайынғы орташа жалақысы /шағын кәсіп иелерін қоспағанда/ 188 368 теңгені құрады.

«Ақшаны күреп табатындар қатарында қаржы саласында жұмыс жасайтындардың үлесінде. Олар 398 030 мың теңге жалақы алады екен. Орташа айлық денсаулық сақтау саласындағы жұмысшыларда. Медицина жұмысшылары 125 428 теңге. Ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығындағы жұмысшылар 110 162 мың жалақы алады», деді Б.Қарғұлов.