Зайсандағы дүлей дауыл екі мектепті шатырсыз қалдырды

0
603

Желдің екпіні секундына 28 метр болған.


Зайсандағы дүлей дауыл екі мектепті шатырсыз қалдырды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында қатты жел тұрды, деп жазады Алтайньюс.

Күшті жел бірнеше ғимараттың, М.Әуезов атындағы мектеп, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты және бір тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, желдің екпіні секундына 28 метрді құраған.