​Зайсанға келісімшарт бойынша шекарашылар қажет

0
3 115

Отан алдындағы борыштарын адал атқаратын сақшы болғысы келетіндер 8 (72340) 27-703, 27-709, 27-785 телефондарына хабарласу қажет.


​Зайсанға келісімшарт бойынша шекарашылар қажет

ERNUR.KZ. ШҚО-ға шекара шебін күзетуге шекара сақшылары қажет. Нақтырақ айтсақ, Зайсан қаласындағы 2017 әскери бөлімі әскери келісімшарт бойынша мемлекеттік шекара күзетіне шекарашы қызметіне дақ түсірмей адал қызмет етуге әзір ер-азаматтарды шақырады, деп жазады Алтайньюс.

Отан алдындағы борыштарын адал атқаратын сақшы болғысы келетіндер 8 (72340) 27-703, 27-709, 27-785 телефондарына хабарласу қажет.

Әскери қызмет қай кезеңде де зор жауапкершілікті талап етеді. Өйткені елдің қорғаны, қауіпсіздіктің тұтқасы – шекарашылар. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан әскери қызметшілерге түрлі мүмкіндіктер қарастырылған.

Мәселен, әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етуге арналған арнайы бағдарлама бар. Бағдарламаны сауатты жүзеге асыру үшін еліміздің Қарулы Күштерінде арнайы тұрғын үй қызметтері ашылып, әскери қызметшілерге осы бағдарламаның талаптары түсіндіріліп, қажетті құжаттар толтырылуда.