Заңсыз еңбек еткен 14 қытайлық қуылды

0
85

Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізген.


Заңсыз еңбек еткен 14 қытайлық қуылды

ERNUR.KZ. Сағыз-Мұқыр трассасының құрылысында заңсыз еңбек еткен 14 қытайлық ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Тексеру барысында оларда «іскерлік» санатындағы визалар бары белгілі болды. Бұл санаттағы виза Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру құқығын бермейді. Қазіргі уақытта сот шешімі бойынша Қытай азаматтары елден қуылды.

Сонымен қатар, аталған шетелдіктерді шақырушы тараптарға қатысты шара қолданылуда. Шетелдіктердің деректер бойынша шақыртушы тараптар анықталып, олардың үстінен ҚР ӘҚБТК-нің 519-бабы (жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе шетелдіктер еңбегін пайдалануы) бойынша шара қолдану қарастырылуда.

Айта ктесек, ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 нормативтік қаулысысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕАЭО елдерінің азаматтарын тіркеу Қазақстанға келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Өзбекстан азаматтарын тіркеу мерзімі 5 күнтізбелік күнді құрайды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет