Запастағы офицерлер неге қызметке шақырылды – вице-министр түсіндірді

0
476

1 наурызда үкімет запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулы қабылдады.


Запастағы офицерлер неге қызметке шақырылды – вице-министр түсіндірді

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің айтуына қарағанда, Қарулы Күштерде кадр жетіспейді, деп жазады inbusiness.kz.

"Әсіресе командалық құрамды басқарудың төменгі буындарында жеткіліксіз. Бірінші кезекте дәрігер, байланысшы, IT-мамандар керек",- деді Камалетдинов Сенат кулуарында журналистерге.

Айта кетейік, 1 наурызда үкімет запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулы қабылдады.

Онда 190 адам шақырылатыны, оның 150-і Қарулы Күштерге жіберілетіні айтылған. Жоғарғы Бас қолбасшы кеңес өткізіп, онда Қазақстанның Қарулы Күштерін жаңғыртуды тапсырған.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қару-жарақтың жаңа жүйелерін сатып алу да жоспарланып отыр.

"Әскери-теңіз күштері, әуе қорғанысы күштері үшін броньды танк техникасы, зымыран – артиллериялық қару-жарақ сатып алынатын болады", - деді вице-министр.