Зарина Дияс "Ролан Гаррос" турнирін жеңіспен бастады

0
549

Ол британдық теннисшіні жеңді.


Зарина Дияс

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына өтті, деп жазады Vesti.kz.

Отандасымыз "Үлкен дулыға" санатындағы бұл турнирдің бірінші айналымында британдық Хизер Уотсонмен кездесті. 1 сағат 55 минутқа жалғасқан кездесуде Дияс 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Енді екінші айналымда ол Сторм Сандерс (Австралия) - Элиза Мертенс (Бельгия) кездесуінің жеңімпазымен жолығады.