Зауытта арба астында қалған электрші қаза тапты

0
825

Қайғылы жағдайға байланысты тергеу жүріп жатыр.


Зауытта арба астында қалған электрші қаза тапты

ERNUR.KZ. Павлодардағы кәсіпорында электршіні арба басып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қайғылы жағдай 3 наурыз күні «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да болды. Алюминий электролизі цехының корпусында РТМ-1 кранын орнықтырып жатқан кезде алтыншы разрядтағы электршіні құрал-сайман таситын арба басып кетті»,- деп хабарлады бүгін журналистерге зауыттың баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген «жедел жәрдем» дәрігері қанша әрекет жасағанымен жұмысшыны ажалдан аман алып қала алмады. Қайғылы жағдайға байланысты тергеу жүріп жатыр.