​Зейнет жасына 2 ай қалған Ислам Әбішев ұсталды

0
5 577

60 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.


​Зейнет жасына 2 ай қалған Ислам Әбішев ұсталды

фото: ашық дереккөзден

«Су ресурстары комитеті» РММ төрағасы Ислам Әбішев 60 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ time.kz сайтына сілтеме жасап.

62 жастағы Ислам Әбішевтің зейнеткерлікке шығуына екі-ақ ай қалған көрінеді.

Басылымның мәліметінше, аталған іс материалында Ислам Әбішев 60 миллион теңгені конкурстан «откат» ретінде алғаны келтірілген. Сондай-ақ, «откатты» тікелей өзі алмағандығы және оның бөлшектеп берілгендігі де айтылады. 60 миллион теңгенің ең соңғы бөлігі, яғни, 50 миллион теңге 14 наурыз күні Ислам Әбішевтің інісі, Түркістан облысының бизнесмені Қаныбек Әбішевке берілген көрінеді. Содан соң «Су ресурстары комитеті» РММ төрағасы қамауға алынған.

Айта кетейік, «Су ресурстары комитеті» РММ-ін жеті жылдай басқарып келген Ислам Әбішевті сол кездегі министр Асылжан Мамытбеков тағайындаған болатын.