Зейнетақы мен жәрдемақы тағы 4 пайызға индекстеледі - премьер-министр орынбасары

0
593

Тоғжановтың айтуынша, бұл өсім 4,2 миллион әлеуметтік жәрдемақы алушыға әсер етеді.


Зейнетақы мен жәрдемақы тағы 4 пайызға индекстеледі - премьер-министр орынбасары

ERNUR.KZ. Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялау үшін бюджетке қосымша 111 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Кеше ғана республикалық бюджет комиссиясының отырысында Үкімет маңызды шешімді мақұлдады. Инфляция дәлізінің 8-10 пайызға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақының мөлшерін қосымша тағы төрт пайызға индекстеу көзделіп отыр, бұл барлық әлеуметтік төлемдердің 9 пайызға, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11 пайызға өсуін қамтамасыз етеді", - деп хабарлады Тоғжанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Тоғжановтың айтуынша, бұл өсім 4,2 миллион әлеуметтік жәрдемақы алушыға әсер етеді.

"Бюджет жобасында осы мақсаттарға қосымша 111 миллиард теңге қарастырылған", - деп қосты Ералы Тоғжанов.