Зейнеткерлерге БЖЗҚ бойынша өтемақы берілетіні жайлы хабарламаға қатысты түсінік берілді

0
2 744

Зейнет жасына келгендерге берілетін өтемақы мемлекеттік кепіл негізінде ешбір өтінішсіз қаралады


Зейнеткерлерге БЖЗҚ бойынша өтемақы берілетіні жайлы хабарламаға қатысты түсінік берілді

ERNUR.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері ХҚКО-лардағы ақшалай өтемақы жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.

"Зейнет жасындағы ата-анасы, туыстары және таныстары барлардың назарына! Қазіргі уақытта мессенджерлерде зейнеткерлерге ақшалай өтемақы алу үшін ХҚКО-ға бару қажеттігі жайлы жалған хабарламалар тарап жатыр. Бұл жалған мәлімет. БЖЗҚ өкілдері бұл хабарламаларды екі рет жоққа шығарған болатын", - деді мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай.

Мемлекеттік корпорацияның өкілдері өтемақының бар екенін, бірақ ол хабарламаларда айтылып жатқан өтемақы емес екенін нақтылады.

"Адам зейнетке шыққанда табысы оның жеке зейнет шотында есептеледі. Онда инфляциялық жағдай да ескеріледі. Зейнетақы жинағының мөлшері инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет ол айырмашылықты есептеп, өтемақы береді. Зейнет жасына келгендерге берілетін өтемақы мемлекеттік кепіл негізінде ешбір өтінішсіз қаралады", - деді Жұманбай.

Ол зейнетақы төлеміне қатысты өтемақы мен ондағы айырмашылықты Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығының анықтайтынын айтып өтті.