Зеленский Тоқаевты кезектен тыс өткізілген сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады

0
354

Зеленский екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізіп, Қазақстанның гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді.


Зеленский Тоқаевты кезектен тыс өткізілген сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткізілген сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп жазады zakon.kz.

Сондай-ақ Twitter арқылы Зеленский екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізіп, Қазақстанның гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді.

Алдын ала қорытындылар бойынша, сайлауда қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 83,31% дауысын жинап, жеңіске жетті.