"Жағдайы нашар": Павлодар облысында тұрғын жылқы соямын деп, басын жарып алды

0
670

Оқыс оқиға Ақсу ауданының Құркөл ауылында болған.


ERNUR.KZ. 50 жастағы азамат асау жылқыны жығып жатқанда, басын қатты жарақаттап алды, деп жазады exk.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі оқыс оқиғадан зардап шеккен ауыл тұрғынының ауруханаға жатқызылғанын жеткізді.

Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар да растады.

"1971 жылы туған азаматтың бас сүйегіне қатты зақым келген. Миының екінші дәрежелі жарақаты бар. Басы жарылып, жағы сынған. Ол жылқыны жығып, басын байлап жатқанда бетон плитаға құлаған. Қазір науқастың жағдайы ауыр", дейді ДСБ баспасөз қызметіндегілер.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.