Жайық өзенінде су шекті деңгейінен 11 см-ге асып түсті

0
511

Қазір өзенінің айналасына бөгеттерді көтеру жұмысы жүріп жатыр.


Жайық өзенінде су шекті деңгейінен 11 см-ге асып түсті

ERNUR.KZ. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ брифингінде Индер ауданында Жайық өзені шектік деңгейден 11 см-ден асып түсті, деп жазады Azattyq Ruhy.




«Жайық өзенінің жағасында орналасқан ауылдарда тәулік бойы кезекшілік пунктері ұйымдастырылды», - деді спикер.

Махамбет ауданында Жайық өзені шектік деңгейге жақындап келеді: бүгінгі таңда су деңгейі - 848 см, шегі – 850 см, жалпы ұзындығы 65 шақырым, орташа биіктігі – 2,5-3 м. Бөгеттерді көтеру және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде

«Жарсуат және Құрылыс ауылдарында қорғаныс бөгеттерінің бойында тәулік бойы кезекшілік пунктері орнатылды», - деп толықтырды Руслан Жұмағазиев.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі – 490 см, шектік деңгейі – 550 см, 4 мамырға жоспарланған 250,7 шақырым бөгеттің 249 шақырымы салынды.

Ал, Жылыой ауданының Құлсары қаласында соңғы тәулікте 78 үйден су сорылды, бүгінде 27 үй су астында қалып тұр Сорылған судың жалпы көлемі 4 млн текше метрден асады. 1 860 нысанға дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ қаланы санитарлық тазарту жалғасуда, соңғы тәулікте 500 тонна қоқыс шығарылды.

«Соңғы тәулікте 16 тұрғын үй мен 3 коммерциялық нысан электр қуатына қосылды. 4 мамырға дейін азаматтардан залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2 818 өтініш қабылдады, зардап шеккен 3 657 адамға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді», - деп нақтылады өңір өкілі.