Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуы: Кінәлі деп табылған кәсіпорын өздерін банкрот жариялады

0
926

Барлық қызмет "Атырау облысы су арнасына" тапсырылады.


Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуы: Кінәлі деп табылған кәсіпорын өздерін банкрот жариялады

ERNUR.KZ. Жайық өзенінде жаппай балықтардың қырылуына байланысты кінәлі деп танылған "Атырау су арнасы" КМК өздерінің банкроттығын жариялады, деп жазады Stan.kz.

"Барлық қызмет "Атырау облысы су арнасына" тапсырылады. Бұған дейін бекітілген келісімшарттың барлығы бұзылып, аталған КМК-ге өткізіліп беріледі", - деп жазылған ресми хабарламада.

Бұған қоса банкротқа ұшыраған кәсіпорын тұрғындардан алдағы уақытта төлемдерді "Атырау облысы су арнасына" жіберулерін сұраған.

Бұған дейін Атырау соты Жайық өзенінде жаппай қырылған балықтардың қырылуына жауапты адамдарды жазалағаны айтылған еді.