Жайық өзеніндегі өлі балықтар: министр түсініктеме берді

0
1 638

Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылу фактісіне байланысты комиссия құрылды


Жайық өзеніндегі өлі балықтар: министр түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылу фактісіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Sputnik.kz.

Министрдің айтуынша, қазір алдын ала бағалау бойынша үш тоннадай өлі балық су бетіне қалқып шыққан.

"Бұл желтоқсан айында қырылған балықтар. Сол кезде уланған балықтар қазір су бетіне қалқып шықты. Қазір балық қырылып жатқан жоқ", - деді Омаров үкімет кулуарында.

Ведомство басшысы балықтардың жаппай қырылу себебін арнайы құрылған комиссия анықтап жатқанын айтты.

"Комиссияның ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысы жоқ. Балықтардың қырылуына не себеп болғанын комиссия айтады, біз сіздерге жеткіземіз", - деді министр.

Омаров кінәлілер комиссия жұмысының нәтижелері бойынша анықталатынын атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін Жайық өзенінде мың тоннадан аса өлі балық жиналғаны хабарланған еді.