Жайық өзенінен екі адамның денесі табылды

0
835

Оқиға орнына сүңгуірлер жетіп, судан әйел мен ер адамның мәйітін тапты.


Жайық өзенінен екі адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында Жайық өзенінен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ktk.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтар күні мұз астында адамның денесі көрініп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына сүңгуірлер жетіп, судан әйел адамның денесін алып шықты. Өзен жағасында бос көлік тұрған. Құтқарушыларда «жүргізуші де суға кетті ме» деген күдік пайда болады. Олар сол маңды қарау барысында өзеннен ер адамның мәйіті тапты.

Полиция департаменті толық ақпаратты сот-медициналық тексеріс жүргізгеннен кейін мәлімдейтінін айтты. Атырауда қазір күн жылы, бірнеше күннен бері жаңбыр жауып тұр. Жайық өзенінде мұз еріп кеткен.