Жақында кейбір телефондарда WhatsApp жұмыс істемейтін болады

0
1 146

Кейбір телефон иелері 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кейін WhatsApp арқылы хабар алмасу қызметін пайдалану мүмкіндігінен айырылды.


Жақында кейбір телефондарда WhatsApp жұмыс істемейтін болады

ERNUR.KZ. WhatsApp бағдарламасы жақында кейбір телефондарда жұмыс істеуін тоқтататын болады, деп жазады Stan.kz.

Хабарламаға сүйенсек, Nokia S40 операциялық жүйесі бар телефон иелері 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кейін WhatsApp арқылы хабар алмасу қызметін пайдалану мүмкіндігінен айырылды.

Ал 2019 жылдың 1 ақпанынан кейін осы өзгерістер Android 2.3.7 және одан ескі нұсқадағы телефон моделіне, сонымен қатар iOS 7 және одан да ескі нұсқаларына әсер етеді.

Айта кету керек, компания осы операциялық жүйелердің дамуымен айналыспағандықтан, кейбір функциялар кез келген уақытта жұмысын тоқтата алады.