Жалақы алмаған жұмысшылар өздері төсеген асфальтты өздері қопарды

0
543

Оқиға Алматыдағы «Мамыр-3» шағын ауданында тіркелген.


Жалақы алмаған жұмысшылар өздері төсеген асфальтты өздері қопарды

Фото: Скрин видео

Мердігер мекемеден айлығын ала алмаған жұмысшылар жаңадан жасалған жолды қопарып тастады. Олар осылайша жұмыс берушіден кек алмақ болған. Әлеуметтік желіге таралған видеода наразы жандар басшылары ондаған миллион теңгеге көлік үй сатып алып, жалақыларын кешіктіргендерін мәлімдеген болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.


«Ақшасын бермейді. Жұмыстың ақшасын ба? Өздері 40 миллионға Джип алып жатыр, квартира алып жатыр. 200 мың теңгені бермей жатыр ғой», - дейді жұмысшылар.


Оқиға Алматыдағы «Мамыр-3» шағын ауданында тіркелген. Ауланы көріктендірген жұмысшылар айлықтарының уақтылы төленбегеніне шағымданған болаты. Алайда мердігер мекеме өкілдері оның барлығы жалған ақпарат деп ақталды. Олардың айтуынша қымбат көлік те, пәтер де сатып алмапты. Бар гәп, жұмысшылар өздеріне жүктелген міндеттерді дұрыс атқармауынан туындаған көрінеді. Асфальтты дұрыс төсемегендіктен оны бұзып, қайта жасауды талап етіпті. Келтірілген шығынды еңбекақыларын ұстап, өздерін жұмыстан қуып жіберген.


«Ол дезинформация мене сіздерге айтайын менде барлық құжаттар бар.Ведмстары, ақшалары уақтылы төленіп жатыр. Ол дезинформация кеше төлеп, оларды бұл жұмыстан босатып жібердік», - дейді мердігер мекеменің өкілі Дария Ыдырысова.


Ал, Бостандық ауданы әкімдігінің қызметкерлері аудан бойынша биыл 205 ауланы көріктеніру жоспарланғанын жеткізді. Оған қала қазынасынан 4 миллиард теңге бөлініпті. Қазіргі таңда аудан бойынша 17 компания жұмыс істеуде екен. Алайда мердігер мекемелердің жұмысына тұрғындардың көңілі толмайды екен. Жолдарды жөндегенде ешқандай технология сақталған жоқ, ал құрылыс қалдықтарының үстін топырақпен жауып қойды дейді .Ол жерге ағаш та, гүлде өспейді деп отыр.


«Асфальт салған мемтехнология укладки асфальта оны выдерживать етпей мына горячий асфальтты холодный асфальтқа давит етіп нете салды. Былай қарағанда аяқ киімнің табанын клейсіз жаға салғанмен бірдей», - дейді қала тұрғыны Руслан Абдрахманов.