Жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналаспақ болған өскемендік сотталды

0
657

38 жастағы ер адам 75 750 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.


Жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналаспақ болған өскемендік сотталды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналаспақ болған ер адам сотталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өткен жылдың қыркүйек айында айыпталушы Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде «Қаржы және несие» мамандығын бітіргендігі туралы жалған дипломмен Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жұмысқа тұрмақ болды. Оның заңсыз әрекетін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Анықталғандай, сотталушы жалған дипломды 2005 жылы жасатқан», – деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі бойынша 38 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 385-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 75 750 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.