"Жалған екпе құжатын сатып аламын" деген актер көптен кешірім сұрады

0
3 316

Мен ешқандай да төлқұжат сатып алғалы жатқаным жоқ, сатып алмаймын да, деді актер.


ERNUR.KZ. Қазақстандық актер Асқар Ілиясов жалған екпе төлқұжаты туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады, деп жазады zakon.kz.

Менің айтқаным - ақымақтың пікірі, оны көпшілік алдында жар салып айту, әрине дұрыс емес. Бұл турасында жеткілікті түрде қанық емеспін, сондықтан сеніммен білмеймін деп айтуым, жауапсыздыққа жатады. Вакциналау төлқұжатын сатып алу туралы айтқаным - жағдайларға қарсы шыққан балалық қырсықтық, жалпы айтқанда, ақымақтық. Мен ешқандай да төлқұжат сатып алғалы жатқаным жоқ, сатып алмаймын да. Жақсарып, дами түсу үшін өзімді сырттан көріп, естіген мен үшін маңызды болды. Біздің қоғамның денсаулығы мен салауаты үшін вакциналауды кеңінен насихаттайтын адамдардан кешірім сұраймын, - деп жазды актер өзінің Instagram парақшасында.

Дегенмен актер екпе туралы пікірінен айнымағанын атап өтті.

Көп кешірім сұрап кеткен секілдімін. Жалпы, төлқұжат сатып алу туралы айтқаным ғана ақымақтық болды. Эпизодты бір қайталап көріп шықтым, қалғаны бәрі дұрыс. Вакцина алу-алмау - әркімнің өз ісі. Мен ол жайындағы өз пікірімді өзгерткен жоқпын, бірақ оны ешкімге танғым келмейді, - деп жазды Ілиясов.

Бұған дейін актер журналист Тимур Балымбетовке сұхбат берген. Онда ол вакциналауға қатысты да пікір білдіреді.

Егер бұранданы қатты бұрап жатса әрі елден шығу мүмкін болмай қалса, онда еріксіз вакцина аламын немесе пара беріп, жалған екпе төлқұжатын сатып алуым мүмкін. Кім біледі. Мұндай мүмкіндік бар, - деді Асқар Ілиясов ол сұқбатында.