Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды

0
622

Басқарма басшысының міндетін атқару денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына жүктелді.


Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды

Марат Жұманқұлов денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ аймақ әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


"Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Марат Сейітбекұлы Жұманқұлов өз өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Басқарма басшысының міндетін атқару денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақасымов Хамит Саттарқұлұлына жүктелді.