Жамбыл облысында 3 адам таулы аймақта жоғалып кетті

0
494

Олар ауылдан 15 шақырым қашықтықтағы тау бөктеріндегі аумақтан трактормен мақсары шабуға кеткен екен.


Жамбыл облысында 3 адам таулы аймақта жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Олар трактормен тауға кетіп, ізім-ғайым жоқ болған, деп жазады exk.kz.

15 қарашада Жамбыл облысы ТЖ департаментіне Жуалы ауданы, Шымбұлақ ауылының үш тұрғынының (екеуі 1974 , біреуі 1983 жылы туған) жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Олар ауылдан 15 шақырым қашықтықтағы тау бөктеріндегі аумақтан трактормен мақсары шабуға кеткен екен.

Жоғалған адамдарды іздестіруге құтқарушылар, полиция мен жергілікті тұрғындар жұмылған. Қараңғы түсіп, ауа-райының күрт бұзылуы салдарынан іздеу жұмыстары бір тәулікке созылыпты. Үш азамат келесі күні Шымбұлақ ауылынан 40 шақырым жерден аман-есен табылды. Олар трактордан шықпай, көмек келеді деп күтіп жатқан екен.