Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды

0
647

Оның ішінде 12 бала бар.


Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды

Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жамбыл облысының ТЖД-на сілтеме жасап.

28 қарашада сағат 13:25 минутта Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Республикалық маңызы бар "Алматы-Термез-Ташкент" автожолында (576-593 шақырымында) ТЖД-ның 5 қызметкері мен 2 дана техникасы қар құрсауында қалған 21 автокөлікті шығарды. Ондағы 51 адам құтқарылды. Оның ішінде 12 бала бар. Үш адам, оның ішінде екі бала басқа орынға көшірілді. Бұл туралы департаменттің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.