Жамбыл облысында әкім өз мерейтойына қатысқаны үшін жазаланды

0
806

Әлеуметтік желілерде шенеунік карантин шектеуі кезінде 60 жылдық мерейтойын өткізгені туралы мәлімет жарияланған.


Жамбыл облысында әкім өз мерейтойына қатысқаны үшін жазаланды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында аудан әкімі өз мерейтойына қатысқаны үшін жазаланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Әңгіме Байзақ ауданы әкімі Бақыт Қазанбасов туралы. Мұның алдында әлеуметтік желілерде шенеунік карантин шектеуі кезінде 60 жылдық мерейтойын өткізгені туралы мәлімет жарияланған. Ашық дереккөз мәліметінше, Қазанбасов 1961 жылдың 16 шілдесінде туған.

"Қазанбасов берген түсінік бойынша, мерекелік шараны оның туыстары ұйымдастырған. Аудан әкімі отбасылық той туралы барғанда бірақ білген, құттықтау естіп, үйіне оралған. Оның айтуынша, шараға жақын туыстары ғана қатысқан, 38 адам", - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

27 шілдеде Қазанбасов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510 теңге айыппұл арқалаған. Оның үстіне, 3 тамызда Бақыт Қазанбасовқа қатаң сөгіс жарияланған.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте Жамбыл облысында 100 адам коронавирус жұқтырған.