Жамбыл облысында алтын өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды

0
497

Жалпы құны 832 миллиард теңгені құрайтын жоба үш кезеңмен жүзеге асырылмақ.


Жамбыл облысында алтын өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылында уақыт капсуласы салынып, «MONTERRA QASAQSTAN» ЖШС жаңа тау-кен металлургия комбинатының құрылысы басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Салтанатты шарада сөз алған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жоба Жамбыл облысының экономикалық, экологиялық және әлеуметтік өсіміне ықпал ететіндігін атап өтті.

«Жоба өңірде 2800-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді десек, ол бойыша негізінен жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылмақ. Бұл Қордай ауданының ғана емес, жалпы облыстың дамуына да серпін берері сөзсіз. Сондай-ақ, жас мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіледі», – деді аймақ басшысы.

Жалпы құны 832 миллиард теңгені құрайтын жоба үш кезеңмен жүзеге асырылмақ. Қуаттылығы жылына Доре қорытпасында 10 тоннаға дейін алтын өндіруге жетпек.