Жамбыл облысында Болат Назарбаевқа тиесілі жер мемлекет меншігіне қайтарылды

0
2 942

Суармалы жерді базарға айналдырған.


Жамбыл облысында Болат Назарбаевқа тиесілі жер мемлекет меншігіне қайтарылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Болат Назарбаевқа тиесілі базардың жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады sputnik.kz.

"2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Б. Назарбаевқа тиесілі "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-ға "Барыс-2" сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілген. Учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған", - дейді ведомство.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға айналған. Аудандық прокуратура аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп танып, күшін жою үшін сотқа жүгінді.
"Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы 81 және 82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы "Қордай Инвест" ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды", - дейді прокуратура.
Сот қаулысы былтыр 28 желтоқсанда заңды күшіне еніп, жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.