Жамбыл облысында дауыл кезінде жасөспірім көз жұмды

0
1 197

Қатты желде жарақат алған тағы 10 адам ауруханада жатыр.


Жамбыл облысында дауыл кезінде жасөспірім көз жұмды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында болған дауыл салдарынан бір жасөспірім қайтыс болды, деп жазады 24.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, оқиға Жамбыл ауданы Жалпақ төбе ауылында болған. Жеткіншек шатырдан құлаған.

Қатты желде жарақат алған тағы 10 адам ауруханада жатыр.

Қазір өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық жолы, «Қордай асуы» жабық. Облыстық мәндегі бірнеше жолда қозғалыс тоқтап тұр. 110 жолаушы құтқарылған. Оның үшеуі бала. Боран кезінде 550-ден астам ғимаратқа зақым келген.