Жамбыл облысында өз әйелі мен баласын қатігездікпен өлтірген ер адам жазадан сытылып кетті

0
1 432

Өз шаңырағын ортасына түсірген 55 жастағы азамат жазадан құтылып кетті.


Жамбыл облысында өз әйелі мен баласын қатігездікпен өлтірген ер адам жазадан сытылып кетті

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 55 жастағы ер адам 30 жыл отасқан жұбайы мен өз баласын қатігездікпен өлтірген. Күні кеше онің ісіне қатысты сот отырысы өтті. Алайда сот оның психикалық ауытқуы бар деп танып, ұзақ мерзім бойы емделу туралы үкім шығарды. Осылайша, ол жазадан сытылып кетті, деп хабарлайды ktk.kz.

Оның психикасында ауытқуы бар деп тапқан судья, қылмыскерді ұзақ мерзімге емделуге жіберді.

"Сараптамада оның есі дұрыс еместігі анықталды. Оны сот қылмыстық жауапкершіліктен босатып, аталған қылмыстық істі қысқартты және қылмыстық кодекстің 93-бабының талаптарына сәкес аталған тұлғаны медициналы мәжбүрлі түрдегі шараны қолдану туралы қаулы етті", — деді судья Ләззат Ілиясова.

Сот залына сотталушы жеткізілмеді. Оның сенімді өкілі ретінде туысы қатысты. Жәбірленуші жақтан 52 жастағы марқұм әйелдің туған інісі келді. Ол бұл үкіммен келісетін тәрізді. Өйткені апелляциялық шағым түсірмейді. Белгілі болғаны, сотталған азамат ұзақ жылдан бері эпилепсиямен ауырған.

Уақытылы емделмегесін оның сырқаты асқынып, жүйкесі тозған. Дәрігерлерге қаралмаудың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ал қанды оқиға былтыр қыркүйек айында болған. 55 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны 30 жыл отасқан әйелі мен 29-дағы баласын бауыздап тастаған еді.