Жамбыл облысында сібір жарасын 12 адам жұқтырды

0
339

Сібір жарасының ошағы ветеринариялық сараптамасыз сойылған ауру ірі қара мал болып отыр.


Жамбыл облысында сібір жарасын 12 адам жұқтырды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жыл сайын жазда халық арасында сібір жарасы тіркеледі, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл ретте жұқтырған 12 жағдайдың барлығы Жамбыл облысында болған. Сібір жарасының ошағы ветеринариялық сараптамасыз сойылған ауру ірі қара мал болып отыр.

"Бұл ретте Жамбыл облысында инфекцияның барлық 12 жағдай болды. Сібір жарасының көзі ветеринариялық куәландырусыз сойылған ауру ірі қара мал болып отыр", - деді Айжан Есмағамбетова.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер сібір жарасының алдын алудың қарапайым шараларын еске салды:
  • рұқсат етілген сауда орындарында ет және ет өнімдерін сатып алу;
  • пісіру кезінде шикі еттің дәмін татпаңыз, ет өнімдерін жақсылап қайнатып, қуырыңыз;
  • ауру жануарлармен байланыста болғаннан кейін жоғары температура, тері қызаруы, ойық жаралар пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз;
  • малды алдын ала ветеринариялық сараптамадан өткізгеннен кейін сою;
  • үй жануарларына профилактикалық егу жүргізу керек.