Жамбыл облысында тағы қару-жарақ табылды

0
1 346

Қазіргі таңда барлық көпқабатты үйлер, саяжайлар, гараж кооперативтері, саябақтар мен скверлер жіті тексеріліп жатыр.


Жамбыл облысында тағы қару-жарақ табылды

ERNUR.KZ. Аймақта полицейлер әлі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестіріп жатыр. Осы күнге дейін Тараз және маңындағы аудандардан 199 қару табылған, деп жазады exk.kz

Қазіргі таңда барлық көпқабатты үйлер, саяжайлар, гараж кооперативтері, саябақтар мен скверлер жіті тексеріліп жатыр.
Күні кеше полиция қызметкерлері іздестіру шаралары кезінде қала аумағынан 52 қару тапты. Оның ішінде: 1 "Калашников" маркалы автоматы, 4 аңшы мылтығы, 11 "Макаров" маркалы тапанша, 7 пышақ және тағы басқа пневматикалық, травматикалық қарулар анықталып, тәркіленді.
Тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.