Жамбыл облысында төтеншеліктер таудағы өртпен арпалысып жатыр

0
676

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамнан 45 адам мен 6 бірлік арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам және 5 бірлік техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

ERNUR.KZ. ТЖМ Жамбыл облысының таулы жерінде орын алған құрғақ шөп өрті оқшауланғанын мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

“Бүгін сағат 8.38-де Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданында таулы жерде орын алған құрғақ шөп өрті оқшауланды. Өрт таудың басында болып жатыр, ауданы анықталуда”, – делінген хабарламада.