Жамбыл облысында вакцинация өзге өңірлерге қарағанда кеш басталады

0
2 413

Вакциналау жұмыстары бірінші болып қызыл аймаққа кірген өңірлерде жүргізіледі.


Жамбыл облысында вакцинация өзге өңірлерге қарағанда кеш басталады

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында тұрғындарды жаппай вакциналау өзге өңірлерге қарағанда кеш басталады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мұнда ресейлік екпелер ақпанның ортасына таяу жеткізіледі. Вакциналау жұмыстары бірінші болып қызыл аймаққа кірген өңірлерде жүргізіледі. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.

Қазір аймақта науқанға дайындық жүріп жатыр. Бүгінге дейін 40 маман арнайы дайындықтан өткен. Екпе жасалатын 575 арнайы бөлме әзірленді. Сондай-ақ шалғайдағы ауыл тұрғындарын вакциналау үшін 10 ауданда жылжымалы бригадалар жасақталып жатыр.

Облыс бойынша 18 бен 64 жас аралығындағы 600 мыңға жуық адам вакциналанбақ. Олардың бір бөлігіне ресейлік, екіншісіне отандық QazCovid-in салынады. Екпе ерікті түрде, кезең-кезеңмен жүргізіледі.