Жамбыл облысындағы интернатта жасөспірім кіші сыныптың баласын зорлады деген күдікке ілінді

0
350

Сарысу аудандық полиция бөлімі 14 жастағы жасөспірімге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.


Жамбыл облысындағы интернатта жасөспірім кіші сыныптың баласын зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы интернатта жоғары сыныптың оқушысы кіші сыныптың баласын зорлаған. Мұны республикалық "Время" газетінің арнайы тілшісі Айжан Әуелбекова Facebook парақшасында жазды, деп жазады Stan.kz.



Сарысу аудандық полиция бөлімі 14 жастағы жасөспірімге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

"Сараптамалар кешені тағайындалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар мектеп-интернаттың педагогикалық ұжымына қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында жасөспірім кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінгені айтылды.