Жамбыл облысындағы зауыттан 10 тоннадан астам дизель отыны ұрланды

0
534

Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.


Жамбыл облысындағы зауыттан 10 тоннадан астам дизель отыны ұрланды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы зауыттан 10 тоннадан астам дизель отыны ұрланды, деп жазады stan.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаменті Жаңатас қаласындағы "Қазфосфат" ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизельдік отын ұрлап келген бір топ азаматтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Аса ірі көлемде жасалған ұрлық".

Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Зауыт жұмысшыларының қатысуымен олар ұзақ уақыт бойы ұрланған дизель отынын көп көлемде экспорттаған.

Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту нәтижесінде 10 тоннадан астам дизель отыны, сондай-ақ жанар-жағармай тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған жабдықтар мен көліктер тәркіленді. Сонымен қатар, кесілген шолақ мылтық тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.