Жамбыл облысының әкімі ауысты

0
1 598

Мырзахметов кетіп, орнына Сапарбаев келді.


Жамбыл облысының әкімі ауысты

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген өтінішіне орай қызметінен босатылып, орнына Бердібек Сапарбаев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Б.М. Сапарбаевты Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", делінген Ақорда баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.