Жамбыл полициясы қар құрсауында бір отбасы үсіп өлгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
745

Әлеуметтік желіде таралған тізімде қар құрсауынан құтқарылған адамдардың деректері көрсетілген.


Жамбыл полициясы қар құрсауында бір отбасы үсіп өлгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

ERNUR.KZ Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан бірде-бір адам қайтыс болған жоқ, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде Қордай асуында адамдар үсіп, бүтіндей бір отбасы қайтыс болғаны туралы фото-видео тарады. Қаза болды делінген адамдардың тізімі де пайда болды.

"Бұл тізімде қар құрсауынан құтқарылған және жылыту үшін мектепке жеткізілген адамдардың деректері көрсетілген. Адам мәйіттері салынған табыттардың суретіне келер болсақ, оларды жерлеу үшін біздің облыс арқылы транзитпен тасымалдаған ", - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл облысының полиция департаменті жалған ақпаратты таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.