Жамбылда 9 мыңға жуық жүкті әйел тұмауға қарсы вакцина алды

0
699

Өткен жылы Жамбыл облысы халқының бұл ауруға шалдығуы шекті деңгейден аспаса, биылғы 3 қазаннан бастап жедел респираторлы вирустық инфекцияның 1798 жағдайы тіркелген.


Жамбылда 9 мыңға жуық жүкті әйел тұмауға қарсы вакцина алды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 345 580 тұрғынға тұмауға қарсы екпе салынған. Оның ішінде 8 897 жүкті әйел бар, деп жазады ҚазАқпарат.

Жыл сайын күз мезгілінен бастап ЖРВИ және тұмау ауруының маусымдық өсімі байқалады.

Өткен жылы Жамбыл облысы халқының бұл ауруға шалдығуы шекті деңгейден аспаса, биылғы 3 қазаннан бастап жедел респираторлы вирустық инфекцияның 1798 жағдайы тіркелген.

ЖРВИ-мен есепте тұрғындардың негізгі бөлігі - 14 жасқа дейінгі балалар (1021). Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 239. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысында 1 қазанда жыл сайынғы халықты тұмауға қарсы иммундау басталған. Содан бері 345 580 тұрғынға екпе егілді, барлығы асқынусыз, жақсы өтті. Нақтырақ айтсақ, 14 жасқа дейінгі 151 101 бала, 194 479 ересек адам тұмауға қарсы екпе алды. Бірінші кезекте тәуекел топқа жататын тұлғалар екпемен толығымен қамтылды. Оның ішінде 22 516 медициналық қызметкерлер, 8 897 жүкті әйел, 122 434 созылмалы аурулары бар тұлғалар бар» делінген ведомство хабарламасында.

Мамандар вакцинациядан кейін иммунитет 14 күннен соң қалыптасатынын және маусым бойы, яғни 12 айға созылатын айтады.

Ұсынылатын екпе егу мерзіміне қазан мен қараша айлары жатады.