Жамбылдағы жарылыс: зардап шеккен тағы бір өртсөндіруші қайтыс болды

0
582

Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті.


Жамбылдағы жарылыс: зардап шеккен тағы бір өртсөндіруші қайтыс болды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өртсөндіруші қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды. Ол бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын", - делінген хабарламада.

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор. Жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр.