​Жан Ахмадиев, көмектес: Алматылық жігіттер жезөкшелерді видеоға түсіріп, көмек сұрады (ВИДЕО)

0
1 598

«Мынаны қараңдар. Абай даңғылы. Қатарынан тізіліп тұрып алған жезөкшелер. 9-ы бар», – деп көпқабатты үйден қыздарды видеоға түсірген жігіт Ахмадиевтен осылайша көмек сұрап отыр.


​Жан Ахмадиев, көмектес: Алматылық жігіттер жезөкшелерді видеоға түсіріп, көмек сұрады (ВИДЕО)

Instagram-парақшасындағы kris_p_almaty тобында алматылық жігіт Жан Ахмадиевтен көмек сұрап, видео жолдады. Ол Абай даңғылында тізіліп тұрған қыздарды ерінбей санап, желіге жазба қалдырған, деп хабарлайды sn.kz.

«Мынаны қараңдар. Абай даңғылы. Қатарынан тізіліп тұрып алған жезөкшелер. 9-ы бар», – деп көпқабатты үйден қыздарды видеоға түсірген жігіт Ахмадиевтен осылайша көмек сұрап отыр.

Бұдан бөлек, автор желіге «Жан Ахмадиев, көмегің керек. Қайдасың? Абай даңғылындағы түнгі көбелектерді қуып жіберші», - деп жазба қалдырған.

Айта кетейік, өткен аптада белгілі рэпер Жан Ахмадиев Сейфуллин көшесіндегі «жезөкшелерді» қамшымен сабап, елді біраз шулатқан. Кейін, бұл оқиғаның арнайы түсірілім екені анықталып, қыздардың бірі Ахмадиевтің әйелі боп шыққан еді.

ЕСКЕРТУ: видеода бейәдеп сөздер бар.