Жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды

0
615

Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.


Жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды

ERNUR.KZ. Әлібек Жамауов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Әлібек Жұмабекұлы Жамауов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

Сүлейман Демирел атындағы университетті, Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясында кіші кеңесші болып бастаған.

2006-2009 жылдары Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кеңесшісі, супервайзері.

2009-2015 жж – "Жамбыл Петролеум" ЖШС менеджері.

2015-2019 – "Жамбыл Петролеум" ЖШС атқарушы директоры.

2019-2020 – "PSA" ЖШС-нің техникалық тобының жетекшісі.

2020 жылғы мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін "PSA" ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

1 шілде күні СҚО әкімінің өкімімен Серік Мұхамедиев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды.