Жаңа қаулы: Банктер мен поштаның жұмыс уақыты ұзарды

0
586

Сондай-ақ босану кезінде серіктес болуға да рұқсат беріледі.


Жаңа қаулы: Банктер мен поштаның жұмыс уақыты ұзарды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен күндізгі стационарда жоспарлы емделудің тәртібі бекетілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаулыда ПТР-тестің 3 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжат ұсынылған жағдайда, босану кезінде серіктес болуға рұқсат берілетіні айтылған.
Сондай-ақ, күндізгі стационарларға қатысты мындай тәртіп енгізілді: «Пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды стационарға (оның ішінде күндізгі стационарға) жоспарлы емдеуге жатқызу берілген күнінен бастап 5 тәуліктен аспайтын тестілеу нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжат болғанда жүзеге асырылады», - деп жазылған қаулыда.
Сонымен бірге банктер, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін бекітілді.
Қаулы 2021 жылғы 5 маусым сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.