Жаңа қаулы: Енді үй карантиніндегі қазақстандықтар қолхат жазуы тиіс

0
326

COVID-19 жұқтырған және амбулаторлық ем қабылдап жатқан тұрғындар мен үй карантиніндегі науқастармен байланыстағы азаматтар Үй карантиніндегі ережені сақтау қажеттілігі жайлы қолхат жазуға міндеттеледі.


Жаңа қаулы: Енді үй карантиніндегі қазақстандықтар қолхат жазуы тиіс

ERNUR.KZ. Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысында үй карантинде отырған және коронавирус жұқтырған адамдармен байланыстағы адамдарға қатысты жаңа ереже қарастырылды, деп жазады Stan.kz.

COVID-19 жұқтырған және амбулаторлық ем қабылдап жатқан тұрғындар мен үй карантиніндегі науқастармен байланыстағы азаматтар Үй карантиніндегі ережені сақтау қажеттілігі жайлы қолхат жазуға міндеттеледі.

Бұған қоса, жаңа қаулыда "қызыл" және "қоныр қызыл" аймақтарда орналасқан өнірлердегі "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерге жұмыс және демалыс күндері сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталуы тиіс.