Жаңа мереке: Қазақстандықтар 10 тамыз күні демала ма

0
246

Абай күні Қазақстанда үкімет қаулысымен бекітілді.


Жаңа мереке: Қазақстандықтар 10 тамыз күні демала ма

ERNUR.KZ. Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні болып бекітілді. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл күні қазақстандықтар демала ма деген сауалға жауап берді, деп жазады kaz.nur.kz.

Ведомство 10 тамыз үкімет қаулысымен мереке болып жариялағанына қарамастан, ол демалыс күні болып саналмайтынын атап өтті.


"Бұл мемлекеттік мереке емес. Бұл есепші күні, құрылысшы күні сияқты мерекелерге теңелген, сондықтан ол демалыс күні болып саналмайды", - деп түсіндірді Еңбек министрлігі.


Еске сала кетейік, Абай күні Қазақстанда үкімет қаулысымен бекітілді. Тиісті құжат 5 тамызда премьер-министрдің сайтында жарияланды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет