Жаңа министр Тоқаевқа коронавируспен күрес бойынша 10 шараны ұсынды

0
868

Цойдың пікірінше, үкіметтің әрекеті коронавирустың жаппай тарауының алдын алған.


Жаңа министр Тоқаевқа коронавируспен күрес бойынша 10 шараны ұсынды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавируспен күрестің жолдарын ұсынды, - деп жазады тengrinews.kz.

Цойдың пікірінше, үкіметтің әрекеті коронавирустың жаппай тарауының алдын алған. Енді жаңа министр халыққа қажетті 10 негізгі шараны атады:

  • амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеудің қарапайым және түсінікті нұсқаулықтарын әзірлеу;
  • дәрі-дәрмектерді жеткізу және сатып алу процедураларын жеделдету, отандық өндірушілерді ынталандыру;
  • COVID-19 диагностикасында цифрлық рентген аппараттарын компьютерлік томографиямен бірге қолдану арқылы диагностиканың қол жетімділігін арттыру;
  • сынақ зертханаларының мүмкіндіктерін кеңейту, тесттерді уақытында жеткізу;
  • шақырту кезінде мобиль топтардың сынақ қоршауларын ұйымдастыруы;
  • науқастарға үйінде ең қауіпсіз медициналық көмек көрсету;
  • амбулаторлық деңгейде қашықтан кеңес беру;
  • ауруханаларды жасанды тыныс беру аппаратымен жабдықтау;
  • жерлеу тәртібін өзгерту;
  • азаматтарға эпидемиологиялық ескертуді арттыру.